About admin

This author has not yet filled in any details.
So far admin has created 117 blog entries.

«Сағыныштан тұрады тіршілігім…»

2020-01-28T06:50:14+00:00

Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Саттар Ерубаев атындағы N24 мектеп-лицейінде қазақтың көрнекті ақыны, "Құрмет" орденінің иегері, Қазақстан Жастар Одағы, Халықаралық Алаш жəне Т.Айбергенов атындағы əдеби сыйлықтарының лауреаты, "Дəстүр" журналының бас редакторы Қасымхан Бегмановпен "Сағыныштан тұрады тіршілігім..." атты əдеби кеш өтті. Кешке Шымкент қаласы біоім басқармасының əдістемелік кабинеттің директоры М.Медетбекова, "Ұстаз нұры" газетінің бас редакторы Ə.Бейсе, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, ақын, композитор Н.Төлегенов, қалалық "Ардагерлер кеңесі"жанынан құрылған "Əжелер алқасы" мен ардагер ұстаздар, ата-аналар қатысты.                                                      

«Сағыныштан тұрады тіршілігім…» 2020-01-28T06:50:14+00:00

«Тəуелсіздік-бар бақыттың бастауы»

2020-01-28T06:40:37+00:00

Қазақстан Республикасының Тəуелсіздік мерекесіне орай Шымкент қаласының білім басқармасына қарасты Саттар Ерубаев атындағы N24 мектеп-лицейінде "Тəуелсіздік-бар бақыттың бастауы"атты салтанатты жиын өтті. Мерекеге мектепішілік "Қамқоршылық" кеңесінің мүшесі Сүлейменов Қайрат, ата-аналар комитетінің мүшелері мен ұстаздар қатысып, баршамызды мерекемен құттықтады. Тəуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын! Мереке құтты болсын!            

«Тəуелсіздік-бар бақыттың бастауы» 2020-01-28T06:40:37+00:00

Шымкент қаласының білім басқармасына қарасты Саттар Ерубаев атындағы N24 мектеп-лицейінде Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің қатысуымен өткен эвакуациялық жиналу пунктінің көрсетілімінен

2019-12-11T08:40:40+00:00

https://www.youtube.com/watch?v=g2-pvj-YepY

Шымкент қаласының білім басқармасына қарасты Саттар Ерубаев атындағы N24 мектеп-лицейінде Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің қатысуымен өткен эвакуациялық жиналу пунктінің көрсетілімінен 2019-12-11T08:40:40+00:00

«МƏҢГІЛІК ЕЛДІҢ- ТАРИХЫ ТЕРЕҢ, БОЛАШАҒЫ ЖАРҚЫН»

2019-12-11T08:20:56+00:00

  "Тəуелсіздігіміздің 28 жылдық мерекесі қарсаңында "МƏҢГІЛІК ЕЛДІҢ- ТАРИХЫ ТЕРЕҢ, БОЛАШАҒЫ ЖАРҚЫН" тақырыбында Саттар Ерубаев атындағы N24 мектеп-лицейінде тарих, география апталығы жарияланды. Апта бойы мектеп оқушылары ашық сабақтар мен пəндік сайыстар, облыстық тарихи-өлкетану мұражайының мамандарымен бірлескен саяхат сабақ, сыныптан тыс: "Мұстафа Шоқай жолымен", "Қылмыссыз балалық шақ", "Тұғыры биік-Тəуелсіздік", "АҚШ-мінсіз мемлекет", "Мұражай-өткен мен болашақты жалғастырушы" тақырыптарында өтетін іс-шараларға қатысып, өздеріне пайдалы əсер алады деп ойлаймыз.                

«МƏҢГІЛІК ЕЛДІҢ- ТАРИХЫ ТЕРЕҢ, БОЛАШАҒЫ ЖАРҚЫН» 2019-12-11T08:20:56+00:00

Саттар Ерубаев атындағы N24 мектеп-лицейінің ұйымдастыруымен эвакуациялық жиналу пункті (ЭЖП) 10

2019-12-11T08:24:56+00:00

https://www.youtube.com/watch?v=PN0cTm_zVXM&t=3s

Саттар Ерубаев атындағы N24 мектеп-лицейінің ұйымдастыруымен эвакуациялық жиналу пункті (ЭЖП) 10 2019-12-11T08:24:56+00:00

Саттар Ерубаев атындағы N24 мектеп-лицейінің ұйымдастыруымен эвакуациялық жиналу пункті (ЭЖП)

2019-12-11T07:39:34+00:00

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаменті мен Шымкент қаласының білім басқармасына қарасты Саттар Ерубаев атындағы N24 мектеп-лицейінің ұйымдастыруымен эвакуациялық жиналу пунктінің (ЭЖП) көрсетілім іс-шарасы өтті. Іс-шараға Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары, полковник Бахаев Ерғали Жарасбекұлы, Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің Кадр саясаты бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Қамбаров Бекзат Сейтбекұлы қатысып, тұрғындарды эвакуациялау кезіндегі қауіпсіздікті жəне қоғамдық тəртіпті қамтамасыз ету іс-шарасын жоғарғы деңгейде көрсеткені үшін мектеп ұжымына алғысын білдірді.                            

Саттар Ерубаев атындағы N24 мектеп-лицейінің ұйымдастыруымен эвакуациялық жиналу пункті (ЭЖП) 2019-12-11T07:39:34+00:00

1-желтоқсан-Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күні

2019-12-11T07:10:37+00:00

                1-желтоқсан-Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күнімен құттықтаймыз! Тəуелсіз мемлекетіміздің іргетасын қалаушы Нұрсұлтан Назарбаев- барлық қазақстандықтар мен халықаралық қоғамдастық мойындаған ғаламдық бастамалардың бастаушысы, отандастарымыздың құқықтары мен бостандықтарының қорғаушысы, елді кемел келешекке жетелейтін игі істердің қолдаушысы. Бүгін Саттар Ерубаев атындағы N24 мектеп-лицейінде Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып, Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке, азаматтыққа, патриоттық сезімге тəрбиелеу, шəкірт жүрегінде Елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту, құрметтеу мақсатында салтанатты мерекелік іс-шара өтті. Мерекемен баршаны құттықтай отырып табыс, сəттілік, бақ-дəулет тілейміз!

1-желтоқсан-Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күні 2019-12-11T07:10:37+00:00

«Жастар жылы-жасампаздық бастауы»

2019-11-27T06:10:29+00:00

Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Саттар Ерубаев атындағы N24мектеп-лицейде Жастар жылына орай жас мамандар арасында "Жастар жылы-жасампаздық бастауы" тақырыбында сайыс өтті.                  

«Жастар жылы-жасампаздық бастауы» 2019-11-27T06:10:29+00:00

«Белсенді мектеп оқушыларын лауазымды басшылармен өзін-өзі басқару күндерін ұйымдастыру»

2019-11-26T06:22:43+00:00

Шымкент қаласының отбасы,балалар жəне жастар істері жөніндегі басқармасы мен Шымкент қаласы білім басқармасының ұйымдастыруымен Дүниежүзілік балалар мерекесіне орай "Белсенді мектеп оқушыларын лауазымды басшылармен өзін-өзі басқару күндерін ұйымдастыру" іс-шарасына мектепішілік өзін-өзі басқару ұйымының Денсаулық сақтау жəне спорт министрлігінің министрі, ТЕДх жобасының спикері, "Жасұлан"футбол мектебінің қорғаушы ойыншысы,озат оқушы, мектеп өміріне белсене араласып жүрген оқушымыз Есіркеп Нұржан Шымкент қаласы əкімінің орынбасары Б.Ж.Мамыталиев мырзаның күн тəртібіндегі жұмыс барысымен танысуда.          

«Белсенді мектеп оқушыларын лауазымды басшылармен өзін-өзі басқару күндерін ұйымдастыру» 2019-11-26T06:22:43+00:00